«Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады!» айдарын жалғастыра отырып, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін «Қарағанды Су» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнар Шахарбаеваның белсенді жұмысын атап өтпекпіз.
«Қарағанды Су» ЖШС кәсіпорнында 1734 адам еңбек етеді, оның ішінде 1678 қызметкер (98,7%) кәсіподақ мүшелері болып табылады. Кәсіпорында 13 учаск және 2 қызмет (сумен жабдықтау және суды тазарту қызметі, Аэрация станциясы) бар.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин 2021 жылдың 10 наурызында «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қарағанды Су» ЖШС ұжымымен кездесті.
Бастауыш кәсіподақ ұйымымен онлайн кездесуге Қазақстан Республикасы Парламентінің ҰҚШҰ ПА-дағы өкілетті өкілі Виктор Рогалев, Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Құсейн Есенғазин қатысты.
Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков «Қарағанды Су» ЖШС-дағы әлеуметтік-еңбек жағдайларын өңірдегі табысты әлеуметтік әріптестіктің жарқын мысалдарының бірі ретінде сипаттады. Кәсіпорын Қарағанды, Теміртау және Ақтас қалаларында тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету бойынша монополия болып табылады. Кездесуде кәсіподақ ұйымының оң жұмысы атап өтілді және ұжымдық шарт елдегі ең үздіктердің бірі болып танылды.
Гүлнар Шахарбаева бастауыш кәсіподақ ұйымының босатылған төрайымы болып табылады, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезіне, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының II съезіне делегат болып сайланды.
Гүлнара Төлеутайқызы Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Кеңесінің мүшесі, еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі Комиссияның мүшесі болып табылады.
«Қарағанды Су» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, Бас директор Данияр Исаевпен, жұмыс берушімен нақты өзара іс-қимыл және әлеуметтік әріптестікте жүргізіледі.
Ұйымда 2016 жылғы шілдеден бастап 2021 жылғы шілдеге дейінгі кезеңге қол қойылған Ұжымдық шарт қолданылады, оның мазмұнына қызметкерлер үшін қосымша жеңілдіктер мен әлеуметтік қолдаудың елеулі тізбесі кіреді. Құрамына кәсіподақтан 28 қоғамдық техникалық инспектор кіретін 28 өндірістік кеңес жұмыс істейді. Зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы төлеу мәселелері шешілді (лауазымдық жалақыдан 4-тен 16%-ға дейін). Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеу 100% мөлшерде жүзеге асырылады. Қызметкерлерге тұрақты түрде материалдық көмек көрсетіледі, сауықтыру кәсіподақтан 50% жеңілдікпен жүзеге асырылады. Қазір жаңа ұжымдық шарттың жобасы талқылануда.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұжым мүшелері үшін тұрақты негізде спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізеді.
Жемісті кәсіподақ қызметі үшін Гүлнар Шахарбаева «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін», «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақ федерациясының және Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қарағанды облысы әкімінің және Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қарағанды филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.