2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, “Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ төрайымы А.Мұқашева “Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы” ҚБ төрайымы Г. А. Науразбаевамен бірге “Торайғыров университетіне” барып, ректор М.Бегентаевпен және бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесті. Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы құрған “Халық бюджеті” жобасына қатысатын университет басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының бірлескен әлеуметтік жобасының тұсаукесері өтті.
Университет ректоры Мейрам Бегентаев университет әкімшілігі мен кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, қонақтар университеттің каворкинг орталығында болып, университеттің жетекші ғалымдарының әзірлемелерімен танысты, содан кейін қазіргі уақытта әртүрлі бағыттағы 9 дәрігердің пациенттерін қабылдауды жүзеге асыратын медициналық орталыққа барды.
“Торайғыров университеті” КЕАҚ COVID – 19 пандемиясы кезеңінде педагогтар мен студенттердің мыңдаған ұжымы бола отырып, өз қызметкерлері мен студенттеріне кешенді медициналық қызмет көрсетуді өз бетінше жүзеге асыру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта университет жұмыс берушінің, кәсіподақтың және қызметкерлердің үшжақты өзара іс-қимылының мысалы ретінде жаңа әлеуметтік жобаны – “Қазмед-А медициналық орталығы” дәрігерлік амбулаториясын іске қосты.
Жобаны іске асыру қызметкерлер мен оқитын студенттердің пікіріне сүйенген кәсіподақтың белсенді ұстанымының арқасында мүмкін болды. Жобаны іске қосу кезеңінде кәсіподақ ұйымының саны екі есе өсті, бұл бастаманың өзектілігін көрсетеді. Жобаны іске асырудың кепілі Toraighyrov University жұмыс берушісі болып, №2 жатақхананың екі қабатына кең жай беріп, заманауи диагностикалық жабдықтарды сатып алуға және медициналық қызметкерлер штатын жасақтауға материалдық көмек көрсетті.
Медициналық орталықта 24/7 форматында медициналық қызметтердің барлық спектрі қарастырылған: жедел медициналық көмек, call-center, амбулаториялық және стационарлық медициналық көмек, скрининг, Check-up, ақылы қызметтер (физиоемдеу, спелеокамера, криотерапия, кинезис).
Науқастарды жалпы практика дәрігері, хирург, гинеколог, кардиолог, эндокринолог, невропатолог мамандықтары бойынша тәжірибелі дәрігерлер қабылдайды, УДЗ және емшара кабинеті жұмыс істейді.
Жалпы, медициналық қызметтер МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ал кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақылы қызметтер бастауыш кәсіподақ ұйымының қаражаты есебінен өтеледі. Алдағы уақытта қызметкерлердің денсаулығын қорғау бойынша қызметті ұйымдастыруды, оның ішінде медициналық көмек көрсетуді, алдын ала қарауды, профилакторийде сауықтыруды, жазғы демалысты Toraighyrov University бастауыш кәсіподақ ұйымына бағындыру жоспарлануда.
Одан кейін делегация салынып жатқан студенттерге арналған 600 орындық кампуста болып, осы жылдың қыркүйек айында университет студенттеріне есігін айқара ашады.
Кездесуге қатысушылар әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін негіз болып табылатын “Торайғыров университеті” КЕАҚ-дағы әлеуметтік әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтті.