Ольга Баркалова – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының құрамына кіретін Қарағанды облысы Білім басқармасы Осакаров ауданының білім бөлімінің «№12 Тірек мектебі (ресурс орталығы)» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Ольга Васильевна дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді және 1989 жылдан бастап кәсіподақ саласында қызмет етеді. Негізгі қызметі бойынша үлкен жұмыс көлеміне қарамастан ол «педагог-сарапшы» жоғары біліктілік санатындағы мұғалім болып табылады, кәсіподақ құжаттамасын уақтылы жүргізеді, қызметкерлердің құқықтарын қорғайды және әрқашан көмекке келуге дайын.
Жұмыс барысында өзін сауатты, тәжірибелі, белсенді өмірлік ұстанымы бар кәсіподақ көшбасшысы ретінде көрсетті. Бастауыш ұйымның барлық 105 мүшесіне қамқорлық көрсетеді, кез келген мәселелер ұжымдық келіссөздер барысында бірлесіп шешіледі.
Ольга Баркалованың екі баласы бар, олардың бірі анасының еңбек жолын жалғастырып, мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып істейді.
Әлеуметтік әріптес – мектеп директоры Ирина Бикейкинамен бірге олар оқу орнының педагогтары мен қызметкерлерімен жұмысты сапалы ұйымдастыруға ерекше назар аударады. Көмек қажет болған жағдайда әрдайым қолдайды, адал еңбегі үшін марапаттап отырады. Кәсіподақ жұмысының нәтижелілігі ұйымшыл және тату педагогикалық ұжыммен расталады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі басты құжаттардың бірі – 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық шартқа толықтырулар мен өзгерістерді талқылауға белсенді қатысады.