Тәуелсіздік құрдастары: аға буын жолымен – Евгений Тюшевский

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «Тәуелсіздік құрдастары: аға буын жолымен» акциясын іске қосты. Аталған акция бойынша Тәуелсіз Қазақстанға өзіндік үлесін қосып жүрген Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері Евгений Тюшевскиймен таныстырғымыз келеді.

Бүгінгі таңда кітапханашы болып екінің бірі жұмыс істегісі келеді деп айту қиын. Алайда, осы ғажап мамандыққа шынайы ғашық, кітаптармен және оқырмандарымен беріліп жұмыс жасайтын адамдар бар.

Солардың бірі – Евгений Тюшевский. Евгений Тюшевский 2014 жылы Шымкент қаласындағы «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасына (қазір Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы) жұмысқа орналасты. Сол кезден бері жұмыс істеп келеді. Айта кетейік, Евгенийдің әжесі Надежда Алексеевна өмір бойы ауылдық кітапханада жұмыс істеген. Зейнетке шыққаннан кейін ол кітапхана кілтін жас маманға, жалғыз қызы Ирина Павловна Тюшевскаяға тапсырды.

Евгенийдің анасы әлі күнге дейін Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылының кітапханасында жұмыс істейді. Ескі кітапхананың орнына ауыл орталығында заманауи кітапхана салынған.

Евгенийдің кәсіби дайындығы мен кітапханашы мамандығына деген сүйіспеншілігі қайдан екені белгілі болды. Ал бүгін де ағасы екеуі де кітапханашылар әулетін жалғастыруға бел буған.

Евгений М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ды бітірген. Евгенийдің анасы Ирина Павловна Тюшевскийлердің келесі ұрпағы Надежда Алексеевна бастаған әулетті жалғастырады деп армандайды.