Бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды

Ақтөбеде «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалының жетекшісі аудандардағы бастауыш үйым жетекшілерімен онлайн кездесу ұйымдастырды. Басқосуда елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты індеттің алдын алу, еңбеккерлердің қауіпсіздік шараларын сақтауы, сонымен қатар бастауыш ұйымдардың жұмысын одан әрі жандандыру жайы да талқыланды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы биылғы жылды «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы» деп жариялауына орай атқарылып жатқан оң істер мен еңбек қауіпсіздігі мәселелері де айтылды.
Онлайн кездесуде жақында қабылданған Бас келісімдегі басым бағыттар талқыланды. Мәселен, ең төменгі жалақыны кезең кезеңмен көбейту, жалақыны жыл сайын индекстеу, әлеуметтік әріптестік аясындағы жұмыстар түсіндірілді.

Сонымен қатар, «30 еңбек елшісі» жобасына қатысып жеңімпаз атанған Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, жас маман Гулмира Низарованы үлгі етіп, басқа да жобаларға белсенді қатысуға шақырды.