Карантин кезінде көпшілік арасынан шыққан жомарт жандар көмекке мұқтаж жандарға қолғабыс жасауда. Осындай қайырымдылық акциясынан кәсіподақ мүшелері де қалыс қалмады.
«Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі және төраға орынбасары Данияр Кирбасов №3 Шымкент балалар үйі тәрбиеленушілерінің жағдайын біліп, азық-түлік себеттерін үлестірді. Мекеме қызметкерлері өз тараптарынан алғыстарын айтып, кәсіподақ жұмысына абырой, жетістіктер тіледі.