Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысы Әйтеке би ауданында өтті.
Кеңеске аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласы кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Аудандық әлеуметтік әріптестік туралы үшжақты комиссия мүшесі, білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов білім мекемелеріндегі ұжымдық шарттар жасау бойынша әлеуметтік әріптестік тараптарының жұмысы және жұмыскерлердің еңбек саласындағы құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету туралы өз пікірін білдірді.