Бүгінгі таңда кәсіподақ кадрлары мен белсенділерін жүйелі түрде оқыту – уақыт талабы. Әлеуметтік-еңбек қатынастарының барлық субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру – еңбек қатынастарын жақсарту жөніндегі Қостанай облысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы жыл сайын іс-шаралар жоспары бойынша келісім комиссиясының жұмыс принциптерін түсіндіру бойынша жұмыс берушілер мен жұмысшылар өкілдерімен семинар-кездесулерді өткізеді.
Кездесулер барысында кәсіподақ төрағасы Зауре Жумабекова келісім комиссиясының жұмысында комиссия мүшелерінің біліктілігі өте маңызды екенін атап өтіп, төрелік ету, еңбек дауы тақырыбын, ұжымдық шарттың аспектілерін, еңбек жанжалдарын шешу жолдарын білу қажеттігін көрсетті. Семинар Қостанай облыстық сотының өкілдері, татуласу процедураларының үйлестірушілері, Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының өкілдері, Қостанай облысының медиаторларының қатысуымен өтті.
«Қостанай облысы медиаторлары қауымдастығы» қоғамдық қоры мен «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы бойынша филиалы арасында қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қабілетін біріктіру бойынша міндеттерін іске асыру жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылы Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау және орындау бойынша еңбек ұжымдарымен семинарлар мен кездесулер жоспарлады.