Кәсіподақ мүшелері марапатталды

«ҚуатЖылуОрталығы» МКК бастауыш кәсіподағының құрамында 320 кәсіподақ мүшесі бар.

Мекеменің негізгі қызметі – инженерлік желілер мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету. «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және “YNTYMAQ”  орта және шағын бизнес саласы жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан  Әлтеев мекеме қызметкерлері П.Сабитовті «Елеулі еңбегі үшін» медалімен және Е.Бүркітпав пен С.Ерімбетовті Құрметграмоталарымен марапаттады.

Бауыржан Ілімшеұлы еңбек қатынастарында қандай да бір мәселеле туындаса, бастауыш кәсіподақ ұйымы шеңберінде шешілуін тіледі.