Әсия Омарова Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Теміртау қаласының №4 емханасы» КМК дәрігер-эпидемиолог болып жұмыс істейді, жалпы жұмыс өтілі – 20 жыл. Кәсіподақта жалпы 10 жылдан астам уақыт белсенді қызмет етіп келеді, ал 2018 жылдан «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін Теміртау қаласының №4 емханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып табылады.
Жұмыс барысында ол өзін үлкен ұйымдастырушылық қабілеттері бар сауатты, білімді маман ретінде көрсете білді. Командамен жұмыс істей алады, көпшіл, өзіне-өзі сыншыл көзқараспен қарайды, өте жауапты, өзіне және басқаларға қатаң талап қоя отырып жұмыс істейді. Өзінің практикалық және теориялық білімін үнемі жетілдіріп отырады және алған білімін практикалық қызметінде шебер қолданады. Үнемі дәрігерлік семинарларға, конференцияларға қатысады. Жоғары біліктілік санаты бар, Қарағанды өңірінің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Елде төтенше жағдай жарияланған және одан әрі карантиндік шаралар енгізілген сәттен бастап алғашқылардың бірі болып коронавирустық инфекциямен күреске кірісті. Оның кәсіпқойлығының арқасында аурушаңдықтың шыңы болған кезеңде (2020 жылғы маусым, шілде айларында) Теміртау қаласының инфекциялық госпиталіне жауапты болды, бұл ретте медицина қызметкерлері арасында бірде-бір ауруға шалдығуға жол берген жоқ.
Әсия Омарова коронавирус пандемиясының алғашқы күндерінен бастап бүгінгі күнге дейін теміртаулықтар мен қала қонақтарының денсаулығын үнемі назарда ұстайды.
Үлкен жұмыс көлеміне қарамастан, ол кәсіподақ жетекшісінің жұмысын жүргізіп, әріптестерін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерде лайықты қорғауды қамтамасыз етеді.
Жемісті еңбегі және кәсіподақ қозғалысына қосқан зор үлесі үшін Әсия Омарова «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» Алтын белгісімен, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен, Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы салалық кәсіподағының облыстық филиалының, Теміртау қаласы және Ақтау кенті әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.