Бастауыш кәсіподақ ұйымы қайырымдылық шарасына атсалысты

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Игі істер» марафоны аясында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымы мен бастауыш кәсіподақ ұйымы «Ізгіліктің бастауы – қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету мақсатында облыстық кітапханада қырық жылдан астам қызмет жасаған зейнеткер Рахима Ералиеваға кітапхана ұжымы қолдау көрсетіп, дәрі-дәрмек, қан қысымын өлшейтін тонометр, қант мөлшерін өлшеуге арналған глюкометр сыйлады. Сонымен бірге Рахима апай қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етілді.