Кәсіподақ – Еңбек адамының сенімді тірегі

Қостанай облысының Рудный қаласындағы № 3 мектептің еңбек ұжымы жас, шығармашыл және өте ұйымшыл. Мектеп директоры Наталья Шопанованың корпоративтік басқару және жұмыс берушінің нәтижелі әлеуметтік әріптестігі арқылы және жұмысшылар өкілі – кәсіподақ жетекшісі Гүлнара Сұлтанғазинаның жауапкершілігі арқасында кәсіподақ мүшелеріне әрдайым қолдау көрсетіледі.

Қызметкерлер мен олардың балаларының денсаулығын жақсартуға ерекше назар аударылады. Жыл сайын кәсіподақтың жеңілдік жолдамалары бойынша кәсіподақ мүшелері санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі, демалыс күндері отбасылық маршруттар, шаңғымен серуендеу ұйымдастырылады, еңбек ұжымының ерекше мақтанышы – корпоративті тренажерлік зал бар.

Өткен жылы 5 мектеп қызметкері заңды некеге тұрған, «кәсіподақ үйлену тойы» да өтті: мұғалімдер мен кәсіподақ белсенділері Вадим Зонненгрин мен Куралай Хатамова шаңырақ құрды, жас жұбайларға кәсіподақ сыйлықтары табысталды. Айтпақшы, биылғы жылы мектептің ұжымдық шартына облыстық келісімге сәйкес қызметкердің үйлену тойы болған жағдайда үш күндік ақылы демалыс беру міндеттемесі енгізілген.

Мектеп қызметкерлері кәсіподақтың нақты қолдауын сезінеді, сондықтан көптеген жылдар бойы еңбек ұжымында саналы кәсіподақ мүшелігінің 100% қамтылуы қамтамасыз етіліп келеді.