Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Сымбат Медеуова «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалдауы» ЖШС «Қарағанды бөлімшесі – БП» филиалында инженер-технолог болып жұмыс істейді, Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің  салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалы (төрағасы – Яхия Альмусин) бастауыш ұйымының Қарағанды пайдалану вагон депосы цехтық кәсіподақ комитетінің төрайымы болып табылады.

Цехтық кәсіподақ комитеті өз қатарында 800-ден астам кәсіподақ мүшесін біріктіреді. Вагон депосы учаскелерінің жалпы ұзындығы – 1689 шақырым. Цехтардың алыстығына қарамастан, цех комитетінің төрайымы барлық өндірістік цехтардың жұмысшыларына өзінің назарын және көмегін беруге тырысады.

Сымбат Нелдібайқызы өзін сауатты, мақсатына жетуге ұмтылған және ұйымдастырушылық қабілеті бар жауапты қызметкер ретінде көрсете білді.

Командада жұмыс істей білу, әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмыс берушімен жұмыскерлер мәселелерін шешуде ымыраға келу кәсіподақ жұмысының оң нәтижелеріне қол жеткізуге көмектеседі. Бастауыш ұйым төрайымы келісім комиссиясының мүшесі бола отырып, өзінің практикалық қызметінде еңбек ұжымында да, жеке дауларды қарау кезінде де шебер қолданатын өзінің практикалық және теориялық білімдерін үнемі жетілдіріп отырады.

Депода кәсіподақ бастамашы болып табылатын спорттық іс-шараларды өткізу бойынша жақсы дәстүр қалыптасқан, өйткені мемлекеттік саясаттың бір бағыты азаматтардың денсаулығы болып табылады. Жыл сайын көлік саласындағы «Үздік мамандық иесі» байқауын өткізу дәстүрге айналды. Пандемия кезінде цех комитеті көп балалы отбасылар мен жұмысшыларға материалдық қолдау көрсетті және қызметкерлерге жеке қорғану құралдары сатып алынды (маскалар, антисептиктер, қолғаптар).

Жемісті еңбегі және кәсіподақ қозғалысына қосқан жеке үлесі үшін Сымбат Медеуова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен және Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен, көптеген грамоталармен марапатталды.