Аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымы карантиндегі еңбек қозғалысына ерікті бақылау жасауда

Өздеріңізге мәлім, бастауыш кәсіподақ ұйымы жылына орай, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы өңірдегі белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ жетекшілері туралы ақпараттар жинап, онлайн сұқбат алаңдарын ұйымдастырып келеді. 2021 жылдың 9 сәуір күні облыстық кәсіподақтар орталығының медиа алаңында Тасқала аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы – Лайла Ғаббасова болды. Оның айтуынша аталмыш бастауыш кәсіподақ ұйымы 2017 жылы құрылған, қазіргі таңда құрамында 1159 мүшесі бар екен (ол аудандық білім саласы қызметкерлерінің 90%-ы болып табылады).

Өз сөзінде кәсіподақ көшбасшысы – Лайла Ғаббасова:
– Қоғамдағы отбасы институттарының мықты болуы – ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздардан. Білім беру саласындағы қызметкерлер еңбек арбитражында маңызды рөлге ие. Біріншіден, ол – сан жағынан, екіншіден жүктелген жауапкершілік жағынан. Бұл орайда, кәсіподақтар көпбағытты, нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Кешегі, ҚР «Педагог мәртбесі» туралы заң да, бүгінгі, кезең-кезеңімен артып жатқан жалақы да кәсіподақ ұйымдарының ықпал етуінің, ондағы тоқтаусыз жұмыстардың нәтижесі деп білемін. Біздің бастауыш кәсіподақ ұйымымызда еңбек адамының беделін арттыруға, оның құқықтық сауаттылығын шыңдауға бағытталған іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылады, – дейді Лайла Динбаянқызы.
Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың өршіп тұрған кезінде белсенді бастауыш кәсіподақ ұйым тұрғындар үшін сақтық шаралар туралы ескертіп, ақпараттық жұмыстарға үлес қосуда. Сонымен қатар, жабық мекемелерде жұмыс істейтін білім саласы қызметкерлерінің денсаулықтары үшін қолайлы жағдайлардың жасалғандығына көз жеткізіліп, олардың құқықтық талаптарының орындалуын бақылауда.