Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығына жүгінген «КНЛК Интернешнл Казахстан Инк» серіктестігінің Ақтөбе филиалының жұмысшылары өз бастамаларымен жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымын құрды.

Жұмыс берушілер кәсіподақ жұмысына бірден қолдау танытпағасын, кәсіподақ орталығына жүгініп, «Кәсіподақтар туралы» заңмен толық танысты. Оларға заң тетіктері аясында жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау, бастауыш кәсіподақ ұйымын құру талаптары түсіндірілді.

Бұл мұнай сервистік компанияның 50-ге тарта жұмысшысы бастауыш кәсіподақ ұйымына мүше болды. Олар «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының Ақтөбе филиалының құрамына енді.