2021 жылғы 9 сәуірде кәсіптік одақтар тарапынан «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» АКБ төрайымы Д. Н. Айтжанова, «Білім және ғылым қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г. А.Науразбаеваның, «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С. Ч. Төлегенованың қатысуымен, қалалар мен аудандар әкімдіктерін қатыстыру арқылы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қаты-настарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның отырысы өтті.
«Қазақстан алюминийі» АҚ кәсіпорнында өндірістік жарақаттанудың алдын алужөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы бірінші мәселе бойынша «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бастығы А. Г. Чабанов ақпарат берді, ол: – «Қазақстан алюминийі»АҚ-да еңбекті қорғау бойынша бес сатылы өндірістік бақылау, қауіпсіздік стандарттары, қауіптерді сәйкестендіру және HAZID тәуекелдерін бағалау бойынша жаңа жоба, «Сигнал» электрондық бағдарламасы, жеке бейнетіркегіш енгізілді, биіктікте жұмыс істеу дағды-ларын пысықтау бойынша заманауи оқу полигоны жабдықталған; инно-вациялық ЖҚҚ нарығына мониторинг, арнайы киім мен арнайы аяқ киімнің сапасы мен жарамдылығының бастапқыу бақылауы жүргізілуде. 2021 жылғы наурызда химиялық қауіптерден қорғайтын жаңа костюм ұсынылды, заманауи жедел жәрдем сатып алынды, баллондар паркі жаңартылды, ерне-мек қосылыстарын үдеткіштер сатып алынды, электр сәулелерінен, сілтілер мен қышқылдардан қорғау енгізілді. 2021 жылдың 29 наурызынан 27 сәуіріне дейін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Еңбекті қорғау бойынша қауіпсіздік және өндірістік бақылау-бірінші орында!» қауіпсіздік айлығы жарияланды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері ерекше бақылауда» деп баяндады. Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Н.Айтжанованың өндірістік кеңестің жұмысы туралы сұрағына А.Г. Чабанов: «өндірістік кеңестердің цехтар мен учаскелер деңгейінде аптасына 1 рет, зауыт деңгейінде айына 1 рет, акционерлік қоғам деңгейінде тоқсанына 1 рет өткізілетін каскадты жұмыс әдісін атап өтті, оған кәсіподақтардың еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары белсенді қатысады» деп жауап берді.
Екінші мәселе бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС-дағы жалақы бойын-ша жағдай туралы «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ басшысы А. Қ. Қапанов хабарлады. Павлодар облысының еңбек басқармасына «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының төрағасынан салалық және разрядаралық арттыру коэффи-циенттерін ескере отырып, «Богатырь Көмір» ЖШС УДР-1 учаскесінің 20 қызметкерінің еңбекақысын төлеу мәселесі бойынша өтініш келіп түсті. Жүргізілген тексеруде УДР-1 учаскесінің қызметкерлеріне 5-разрядты конвейер машинистеріне 308 300 теңге сомасында қосымша ақы төлемеу бөлігінде еңбек заңнамасын бұзу фактісі анықталды, ол туралы жұмыс берушіге әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде нұсқама енгізілді, жұмыс беруші разрядаралық коэффициентке сәйкес жалақыға қосымша ақы төледі.
Бұдан әрі «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағынан темір жол жабдықтарын жөндеу дирекциясының «Богатырская» ДПС учаскесінің 83 жұмыскерінен өтініш келіп түсті, онда тексеру барысында 8 564 979, 66 теңге сомасында қосымша төлемдердің уақтылы төленбеуі анықталды.
Жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы нұсқама енгізілді. Қазіргі уақытта еңбекақы төлеу мәселелері бойынша қызметкерлерден өтініштер түсу жалғасуда, барлығы 15 өтініш тіркелген, олар бойынша қазір тексеру жүргізілуде. Өңірдің аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Н.Айтжа-нованың жұмыс берушіге әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану туралы сұрағына «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ басшысы А. Қ. Қапанов жұмыс беруші еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС-ға барлық қызметкерлерге қатысты жалақы есептеу бойынша тексеру жүргізу туралы мәселе шешілуде.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры А. А. Қапенова комиссия мүшелеріне әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік сақтандыруға қатысушылардың төмендеуі және табыстан 1 ЕТЖ-дан кем әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша берешек туралы мәліметтерді жеткізді. Өз сөзінде ол қазіргі уақытта қабылданып жатқан шараларға қарамастан, әлеуметтік сақтандыруға қатысушы кәсіпорындардың берешегі жоғары болып қалып отырғандығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, тұрақты негізде нөлдік жарақаттануға ұмтылу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуге, «Богатырь Көмір» ЖШС-дағы жалақыға қосымша ақылар бойынша берешекті жою мәселелерін шешуді қамтамасыз етуге; борышкерлер тізімінде тұрған жұмыс берушілерге әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті жою шараларын қабылдауға, әлеуметтік аударымдар бойынша ақпараттық жұмысты жандандыруға тапсырма берді.