Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында елордадағы «Астана Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, тұтынушыларға өз қызметін көрсетуді жалғастыруда.
Аталған мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс орындарында санитарлық нормалардың сақталуына қоғамдық бақылауды белсенді түрде жүзеге асыруда.
«Қазіргі таңда қызметкерлер барлық қажетті жеке қорғаныс шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмысын жалғастырып отыр. Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (операторларға арналған маскалар, қолғаптар және қорғаныс экрандары) қамтамасыз еткен. Әрбір бөлімше термометрлермен және санитайзерлермен жабдықталған. Бөлмедегі қашықтықты сақтау үшін қызыл және жасыл белгілер көрсетілген. Айына бір рет кәсіпорынның кеңселерінде дезинфекция жүргізіледі», – дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Темірболатов.