Татуласу орталығының басшысы жас судьяларға арналған оқыту семинарына қатысты

Павлодар облысы аудандық (қалалық) соттарының жас судьяларының қатысуымен “Еңбек заңнамасының новеллалары және еңбек даулары бойынша медиацияның өзекті мәселелері” тақырыбында оқыту семинарында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығының” басшысы М.А. Иванова сөз сөйледі.

Өз сөзінде спикер “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі  Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персоналды беру бойынша қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”қаулылары аясында сөз сөйледі.

Семинардың екінші бөлімінде спикер еңбек даулары бойынша медиатор ретінде татуласу тәжірибесімен бөлісті, қолданылатын медиативтік техникалар мен құзыреттер туралы айтты, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығы” жұмысының нәтижелерімен бөлісті.

Жас судьялар үшін оқыту семинарларының циклін Павлодар облыстық сотының Оқу орталығы ұйымдастырды.