Кәсіподақ жастары өңірдегі жастар ұйымдарымен белсенді жұмыс атқаруда

Бүгін ағымдағы жылдың 12 сәуір күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында, үкіметтік емес ұйымдарында, мәдениет, өнер, спорт, әлеуметтік салада өзіндік жетістіктерге жеткен, танымал, белсенді жастар арасында “Білімділер додасы” зияткерлік жобасының алғашқы кезеңі өткізілді.

Аталмыш жобаға БҚО Кәсіподақтар орталығы жанындағы “Келешек” жастар кеңесінің мүшелері, ҚРКФ-ның “30 Еңбек Елшісі” республикалық жобасының жеңімпаздары Ақерке Шайқы мен Мерген Сүлейменов қатысып, алғашқы кезеңде жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 25-26 наурыз күндері аралығында “30 Еңбек Елшісі” жобасының жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында бас қосып, өңірлерде белсенді жұмыстар жүргізу бойынша тапсырмалар бөліп алған болатын. Батыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаз атанған үміткерлер бүгінгі таңда, өңірдегі жастар ұйымдарымен тығыз қарым-қатынастар орнатып, бірлескен белсенді шараларға мұрындық болып жүр.