Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және өндірістік бақылау – басты назарда

“Қазақстан алюминийі” АҚ әлемдегі глиноземнің жетекші он өндірушілерінің қатарына кіреді. Оның қызметінің негізгі бағыты – металлургиялық алюминий алу үшін бокситтерді өндіру және кешенді өңдеу.

Қызметкерлер үшін қауіпсіз және жайлы еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттануды төмендету “Қазақстан алюминийі” АҚ қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, оны орындауға қауіпсіздікті ішкі және сыртқы бақылау жүйесі еңбек етеді.

2021 жылғы 29 наурыздан бастап 2021 жылғы 27 сәуір аралығында “Қазақстан алюминийі” АҚ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған қауіпсіздік айлығы жарияланды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айлығы шеңберінде кәсіпорын алаңдарында “Мен биіктікте қауіпсіз жұмыс істеймін!”, “Мен өз жұмысымда тиісті, жарамды ЖҚҚ, құралдар мен құрылғыларды қолданамын!”, “Мен от жұмыстарын қауіпсіз орындаймын!” атты үгіт дәрістері әзірленді, жұмыс орындарында мінез-құлық аудиттері мен тәуекелдерді бағалау жүргізіледі, “Қауіпсіздік есептегіші” стендтері орнатылды, қауіпсіздік стандарттары әзірленіп, енгізілуде.

HAZID қауіпті факторларын сәйкестендірудің жаңа тәсілі жұмыстың басым бағыттарын неғұрлым тиімді және пәрменді шығаруға мүмкіндік береді.

Қолданыстағы еңбекті қорғауды басқару жүйесіне сәйкес кәсіпорында өндірістің барлық деңгейлерін қамтитын еңбекті қорғауды өндірістік бақылаудың бес сатылы әдісі бар.

2021 жылғы 9 сәуірде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның отырысында “Қазақстан алюминийі” АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бастығы А.Г. Шопанов цехтар мен учаскелер деңгейінде өндірістік кеңестердің аптасына 1 рет, зауыт деңгейінде айына 1 рет, акционерлік қоғам деңгейінде тоқсанына 1 рет жұмыс істеуінің каскадты әдісі туралы айтып берді, оған кәсіподақтардың еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары белсенді қатысады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуін ұйымдастырады.