Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексіне 2016 жылдан бері 28 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Еңбек заңнамасындағы жаңа өзгерістерді бүгін Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығында кәсіподақ белсенділері мен ұйымдардағы келісу комиссиясы мүшелері талқылады.
Кәсіподақ мүшелерінің еңбек заңнамасының негіздеріне оқуы мен келіссөздер жүргізуге заңнамалық машықтануды жетілдіру бойынша жұмыстар кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттары қатарында.
«Келісу комиссиясында еңбек дауларын қарау, өндірістік кеңестердің жұмысын ұйымдастыру, ұжымдық шарт жасасу ережелері бойынша сауаттылық арттырып отыруымыз қажет. Тәжірибеде кездесіп жататын еңбек қатынастары мәселелерін шешуде, жұмыс беруші мен жұмыскерлер тараптарының тең диалог құруына оқудың септігі зор», – деп атап өтті кәсіподақтар орталығы төрағасы Серік Сермағамбетов.