Бастауыш ұйымдардың төрағалары қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту айлығын қолдады

Павлодар облысы бойынша “Қазметаллкәсіп” салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағы” ҚБ төрағасының орынбасары, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Раушан Даумованың басшылығымен Кәсіподақтар үйі ғимаратының маңайында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

– Біздің сүйікті қаламыздың тазалығы үшін бірігіп, сенбіліктегі жақсы көңіл күймен атқардық, – деп атап өтті Р. Даумова.