Бір тал кессең, он тал ек!

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған Төле би аудандық мәслихатының депутаттары «Депутаттар аллеясына» сәнді ағаштар отырғызды.

Шараға “Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығы” АКБ төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бердіғали Өмірәлі белсене қатысты.

Өздеріңіз білетіндей, ағаш егу бұл қазақ халқында атадан қалған мирас болып саналады. Осындай игі істер арқылы аудан тұрғындарын, әсіресе жастарды өз туған жерлерін қадірлеп, оны аялап ұстауға шақырамыз.