Төтенше жағдай кезеңінде тек жеке бас тазалығын ғана емес, сонымен қатар үйдегі, көшедегі және үй ауласындағы тазалықты сақтаған маңызды, себебі тазалық – денсаулық кепілі.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы, Білім және ғылым, Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, «SЕNIM» Денсаулық сақтау жүйесі және «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес салалық кәсіподақтарының қызметкерлері Кәсіподақтар үйінің аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық күнінің қатысушылары бірлескен жұмыстың нәтижелеріне риза болды, сонымен қатар уақытша мәжбүрлі үзілістен кейін сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болды.
Кәсіподақтар еңбек ұжымдары мен Қарағанды облысының тұрғындарын барлық белгіленген санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, осы игі іске қосылуға шақырады.