Қостанай өңірінің денсаулық сақтау саласының ардагеріне құрмет көрсетілді

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ Қостанай облыстық филиалы денсаулық сақтау саласының ардагері, жетпіс деген белесті жасқа келіп, қоғамымызға, Қостанай өңіріне сіңірген еңбегімен еленіп, құрметке бөленген Бекбосынов Абай Исахметұлын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін, өзінің еңбек жолын 1974 жылы Боровской орталық аудандық ауруханасында учаскелік терапевт ретінде бастаған. Жоғары деңгейдегі жауапкершілікті қажет ететін әрі өздігінен күрделі медицина саласында жұмыс жасау – үлкен ерлік.

Жас маман Абай Исахметов білікті маман атану үшін еңбектеніп, тәжірибе жинады. 1975 жылы Қаратал аудандық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалып, 1991 жылға дейін жұмыс жасады. 1995 жылдан бастап М.Қарабаев атындағы Қостанай облыстық туберкулезге қарсы шипажайда жұмысын жалғастырды.

1986 жылы ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетудегі еңбек жетістігі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Көп жылдар бойы атқарған адал жұмысы мен ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды және Пирогов орденімен наградталды.

“Халқымыздың денсаулығы – мемлекет дамуының басты нәтижелерінің бірі. Азаматтарымыздың саулығына жауапты денсаулық сақтау саласы қызметтерінің деңгейі мен сапасы Абай Исахметов ардагеріміздің үлгісіне қарасты негізделсе”, – дейді кәсіподақ өкілдері.