«Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ-де Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері қатысты.
Маңғыстау облысындағы Кәсіподақтар федерациясының күндері аясында “Мәдениет, спорт және туризм, ақпарат саласының үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” атты республикалық байқау-конкурсы маусым айының 23-25 күндері Ақтау қаласында жоспарланған.
Осыған орай, аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталин қатысады деп күтілуде. Төрағаның келуіне байланысты, өңірдегі кәсіподақ ұйымдары және Үйлестіру кеңесінің мүшелерінің ұсынысымен бағдарлама жасақталды.
Наурыз айының 12 жұлдызында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған Бас келісімнің ережелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді және жаңа өңірлік келісімге ұсыным берілді.