Облыс әкімдігінің ғимаратында Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Меңдібаевтың төрағалығымен өңірлік үшжақты комиссия отырысы өтті.
Отырысқа мемлекеттік орган, кәсіподақ ұйымдарының және өңірлік үшжақты комиссия құрамы мен облыстың кәсіпорын басшыларының өкілдері қатысты. Отырыста мекемелердегі өндірістік жарақаттану туралы баяндалып, оны төмендету бойынша іс-шаралар қаралды.
Жиында «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ «Халықтық бақылау» жобасын және «Vizion Zero» нолдік жарақат бағдарламасына қосылуды мекеме басшыларына ұсынды. Жобалардың тигізер пайдасы зор екенін түсіндірді. Аталған жобалар бойынша кәсіпорын өкілдері жұмыс атқаратын айтты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері мен кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған Бас келісімге сәйкес жаңа өңірлік келісім талқыға салынып, ұсыныстар айтылды. Қазіргі таңда өңірлік келісім талқылануда нақтыланғасын жаңа өңірлік келісімге қол қойылады. Сонымен бірге еңбек даулары бар тәуекел картасындағы кәсіпорындар жөнінде болды. Тәуекел картасындағы әрбір кәсіпорын бойынша шешілмеген және проблемалық мәселелерді шешу үшін шаралар жасақтауды тапсырды.