«ҚР еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі. Еңбек дауларын шешу. Келісім комиссиясы» тақырыбында семинар өтті

2021 жылдың 15 сәуірінде ZOOM режимінде «ҚР еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі. Еңбек дауларын шешу. Келісім комиссиясы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 42 төрағасы қатысты және қатысушыларға дәрісті Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары – Ләззат Есжанова оқыды.

Семинар қатысушыларына еңбек заңнамасының ең көп тараған бұзушылықтары туралы егжей-тегжейлі айтылды, атап айтқанда: тәртіптік жаза қолдану, еңбек шарттарын бұзу тәртібі, жалақысы сақталмайтын және жалақысы сақталатын демалыстар беру туралы ақпарат берілді.

Дәріскер жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының жұмысына: қызметкерлердің өтінішін құру, қарау, шешім қабылдау, отырыс күні туралы хабарлау, жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері және шешімді өткізіп алған, тапсырған жағдайда оларды қалпына келтіру мүмкіндігіне ерекше назар аударды.

Семинарға қатысушылар блиц-сауалнама форматында өзекті сұрақтар қойып, оларға Ләззат Есжанова мен Сұлтан Медеубаев толық жауап берді.

Қорытындылай келе, Сұлтан Медеубаев филиалдың іс-шаралар жоспарында кәсіподақ қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылға еңбек заңнамасы мәселелері бойынша бірқатар семинарлар қарастырылғанын атап өтті.

Семинардың барлық қатысушыларына меңгерілген тақырыптар бойынша әдістемелік құралдар және сертификаттары жолданды.