2021 жылғы 16 сәуірде “Павлодар облысының дін істері басқармасы” ММ жалпы жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім бірауыздан қабылданды.
Кәсіподақ жиналысында діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің маманы Әділ Асқарұлының төрағалық етуімен кәсіподақ комитеті сайланды және кәсіподақ ұйымынан жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының мүшелері сайланды.
Жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері бірауыздан “Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ құрылымына кіруге шешім қабылдады.
Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымын құру әлеуметтік әріптестікті, қызметкерлердің еңбек құқықтарын дамытуға және ұжымдық шартты қабылдауға жаңа серпін береді.