Кеншілер кәсіподаққа бірқатар мәселелермен жүгінді

Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының ғимаратында «АрселорМиттал Теміртау» Көмір департаментінің көмір кәсіпорындарында денсаулығынан айырылған шахтерлердің тобымен кездесу өтті.

Кездесу барысында еңбектің санитарлық-гигиеналық сипаттамасын жасау бойынша Қазақстан Республикасының регламенттеуші нормативтік актісінің болмауына байланысты аурудың еңбек қызметімен байланысына сараптама жүргізудің мүмкін еместігіне қатысты мәселелер айтылды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 29.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығымен бұл актінің күші жойылған.

Кездесу қорытындысы бойынша осы мәселені шешу үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобының құрамына кеншілер ұжымдарының, «Қорғау» Көміршілер кәсіподақтары және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесінің кәсіподақтары, басқа да мүдделі органдардың өкілдері енгізілетін болады.