Ақтөбеде екі айлық тазалық жұмыстары басталды.
Осы орайда «Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар орталығы» АКБ қызметкерлері қала тазалығына үлес қосып, Ақтөбе қаласының Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы «Дина» гипермаркетіне қарама-қарсы беттегі аллеяны тазалау жұмыстарына көмектесті.
Осы ауқымды шара аясында Кәсіподақтар орталығының жұмыскерлері COVID-19 алдын алу шараларына сәйкес барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, қаланы қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына атсалысты.