Қалың қалай, ауыл шаруасы?

“Қалың қалай, бастауыш ұйым?” кәсіподақ акциясы аясында Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов және ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Толыбай Жусупов Шиелі ауданы Ақмая ауылы жұмыскерлерімен кездесті.

Ауылда жұмыскерлер күріш және мал өсіру шаруа қожалықтарына біріккен. “Ақмая” шаруа қожалығының шаруалары барлығы кәсіподақ мүшелері болып табылады. Кәсіподақ өкілдерінің шаруа қожалығы жұмысы мен еңбек жағдайымен танысуы шаруалардың жұмыс орны егістік басында өтті. Онда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайлары, кәсіподақ ұйымының техникалық инспекторы жұмысын жетілдіру бағыттары туралы сөз өрбіді. “Ақмая” шаруа қожалығында қазірде 160 адам жұмыс істейді, қожалықта соңғы жылдары жұмыскерлердің жалақысы кезеңімен көбейтіліп, еңбеккерлерді әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылып отырады.