Кәсіподақ тарапынан еңбеккерлерге айтарлықтай қолдау бар

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары мен қызметкерлеріне көптеген әлеуметтік жобалар қарастырылған. Соның бірі, кәсіподақ мүшелері жыл сайын қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.

– Дәстүр бойынша біз өзіміздің қызметкерлеріміз үшін азық-түлік тағамдарын нарықтан төмен бағамен жеткізіп беруді қамтамасыз етеміз. Жоғары сапалы алма, картоп, балды барлық маусым ішінде арзан алуға болады. Жеміс-жидек пен көкөніс Түркістан облысындағы біздің Dalafruit серіктесімізден аламыз. Өткен аптада 10 тоннадай алманың бірінші партиясын алдық. Мысалы, алманың келісі 350 теңге. Ал, бұл алмалардың нарықтағы бағасы – 500-600 теңгеден кем емес. Сонымен қатар, әр қайсысы 14 келі болатын 230 қорап үш еншілес ұйымдарға – «А.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталығына», «Ә.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтына» және «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясына» жіберілді, – дейді С.Сейфуллин атындағы ҚазТУ-дың Жергілікті кәсіподақ ҚБ төрағасы Серік Айтхожин.

Алмалардың сатылымы университеттің №7 жатақханасында жүзеге асады. Мұнда санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау барлық талаптар бойынша қамтамасыз етілген. Сонымен бірге есік алдында бетпердені киюді сұрайды, ішке 1-2 адамнан кіргізеді. Барлық жерде әлеуметтік белгілер қойылған. Кіре берісте келушілерге қолды антисептикпен тазалауды сұрайды. Ал, жеміс-жидек пен көкөністер сақталынған бөлме таза әрі ұқыптылықпен жиналған.