Кәсіподақ төрағасы кітапхана жұмысымен танысты

Әл-Фараби атындағы кітапхана халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетеді. Бүгінде кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап пен 6546 дана электронды қоры бар. Ал, оқырмандар саны 18 600-ды құраса, келушілер саны – 128 000, кітап берілімі – 216 000 дана. Мұнда 96 қызметкер еңбек етеді. Барлығы да кәсіподақ мүшелері. Кітапхананың бастауыш кәсіподақ төрайымы – Сәуле Бисеитова.

Кітапхана қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы және кітап.kz қорын толықтыруға белсене атсалысуда. Цифрлық заманда кітапхана мобильді, смартжоба – QR – кітапхананы жүзеге асырды. Бүгінде 60-қа жуық жергілікті авторлардың көркем шығармаларын оқырмандар кітапхана сайтындағы штрих – код арқылы оқи алады.

Кітапханада оқырмандардың қызығушылығына орай «Жас түлек», «Бәрін білгім келеді», «Мұрагер», «Дидарласу», Libclub, «Глобус» мүдделестер клубтары жұмыс істейді.

Кітапхана қала аумағындағы кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.

Өткізілген іс-шараға «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов қатысты.