Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталады

Ольга Райымбекова – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының құрамына кіретін «№88 ЖББОМ» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Ольга Михайловна кәсіподақ комитетінің төрайымы ретінде ұйымдастырушылық қасиетке ие, адамдармен қарым-қатынаста ұқыпты, мектеп өміріне белсенді қатысады және әріптестерін қалай жігерлендіру керектігін біледі. Мектептің бірде-бір қызметкері оның назарынан тыс қалған емес. Ол әрқашан өзіне және әріптестеріне деген жоғары жауапкершілік пен талапшылдығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, адамдармен байланыс таба білуі, олардың мәселелерін түсінуі және қиын уақытта оларға көмектесуге тырысуы әріптестерінде оған деген шынайы құрмет сезімін тудырады.

Кәсіподақ комитетінің төрайымы мен барлық мүшелері еңбек ұжымын тек кәсіби қызметпен ғана емес, сонымен қатар пайдалы демалыспен біріктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Ольга Михайловна өзінің барлық жұмысын әкімшілік – мектеп директоры Владимир Долматовпен әлеуметтік серіктестік және ынтымақтастық қағидаттарына негіздейді. Келіп түскен мәселелерді шешу мектеп қызметкерлерінің мүдделері үшін ашық диалогта талқылау арқылы жүзеге асырылады.

Мектеп әкімшілігі қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде кәсіподақ комитетінің пікірін ескереді. Төраға бастаған мектептің кәсіподақ белсендісі оқу процесін дамыту бойынша іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

Ольга Райымбекова өзінің бірінші кезектегі міндеті – оқу орны қызметкерлерінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға жәрдемдесу деп санайды. Кәсіподақ комитеті жұмыс орындарының қауіпсіз пайдаланылуына сәйкестігі тұрғысынан жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді, сондай-ақ кабинеттердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеруге қатысады.

Педагогикалық ұжымның кәсіподақ комитеті төрайымының басты ұраны – «Кәсіподақ және мектеп әкімшілігі қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүдделі ұжымда ғана қызметкерлер өздерін жайлы және сенімді сезінеді».