Еңбеккерлердің еңбек құқығын қорғау бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады

“Еңбеккерлердің еңбек құқығын қорғау бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады”, – дейді Алматы қаласы Алмалы ауданы №74 балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Қойшыбаева.

Елбасы Жолдауында «Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор» екені айтылған болатын. Бүгінде жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында атқарылып жатқан іс аз емес. Жұмысқа орналасқан азамат табысын молайтуға мүдделі, тұрақтылықты, еңбегінің әділ бағаланғанын қалайды. Міне, осы орайда ұжымдық шарттың, яғни еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін жұмыс беруші мен жұмысшылардың бір немесе бірнеше өкілімен арада жасалатын жазбаша түрдегі құқықтық актінің маңызы зор.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, білім беру саласына да қатысты оң өзгерістерге белсенді түрде қатысып, келе жатқан қоғамдық күш – бастауыш кәсіподақ ұйымы. Салалық кәсіподақтың негізгі бағыты – білім қызметкерлерінің мүддесін қорғау, ұжымдарда жақсы психологиялық климаттың қалыптасуы, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде балабақшада 57 жұмысшы бар болса, барлығы да – кәсіподақ ұйымының мүшесі. Балабақшада жұмыс беруші мен жұмыскер арасында еңбек шарты жасалған. Әр оқу жылының басында жоспар құрып, сол жоспар бойынша жұмыс жасалады. Биылғы пандемияға байланысты балабақшада кезекші топтар жұмыс жасауда, үйде отырған балалармен қашықтан оқыту жоспарланды.

Ұжымда ардагерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Мейрамдарда, Қарттар күнінде де елеусіз қалмайды. Алмалы ауданындағы әрбір білім беру ұйымдарының кәсіподақ төрайымдарымен бірлесіп ұжым мүшелерінің көңіл күйі мен денсаулығын, барлық жағынан моральдік жағдайларына көп жылдан бері көңіл бөліп отырған Алмалы ауданы «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының төрайымы – Раушан Оразалиева.

Балабақша қызметкерлерінің жұмыстан серпіліп демалуына, жергілікті кәсіподақ ұйым төрайымы ретінде түрлі мәдени-іс-шараларды, ұжымдық ұмтылысты, түсіністікті нығайту мақсатында  Алматының әсем табиғатында тимбилдингтер, тарихи орындарға саяхаттар ұйымдастырылып отырады. Бақшаның үлкен көрсеткіші мектепке бүлдіршіндердің білімін сапалы даярлау, бақша педагогтарының аудандық кәсіподақ тарапынан ынталандыру мақтаулар алды.

Балабақшада көп көңіл бөлінетін мәселе – еңбек қауіпсіздігін сақтау. Жылына екі рет «Еңбек қауіпсіздігін қорғау» инспекторы Гулмира Бахытханқызы жер сілкінгенде қандай әрекеттер жасауды ұжым мүшелеріне үйретіп, жаттығу іс-шараларын өткізеді. Қорғану белгілері балабақшаның тиісті жеріне ілініп қойылған, өрттен сақтанатын қажетті құрал-жабдықтар толық өз орнында тұруы балабақша басшылығының қадағалауында.

Балабақша жыл сайын «Білімді ел», «Қазақстан кәсіподағы» газет т.б. журналдарына жазылып, мақалалар жарық көруде. Әлі де айтылмай қалған жетістіктер, жасап жатқан жұмыстар да өте көп.