Кәсіподақ өкілдері Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының жұмысымен танысты

ҚР Кәсіподақтар федерациясы жариялаған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов және Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кәсіподақ ұйымының қызметі, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек және экономикалық құқықтары мәселелері талқыланды.

Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов Бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ереже, ұжымдық және еңбек шарты туралы айтып берді. Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелеріне белсенді еңбегі үшін алғысын білдіріп, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының мерейлі 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының директоры Зоя Оралбайқызы Бастарбек Пірімбетұлы басқарып отырған Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық филиалының жұмысына оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.