Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылды

Ойыл ауданында мектеп кітапханашылары мен мұғалімдері арасында «Қазақтың 30 ақын-жазушысы» тақырыбында бейнебаяндар байқауы ұйымдастырылды. Сайысқа 23 мектептен 25 бейнебаян қабылданды.

Бас жүлдені Қараой мектеп-балабақшасының кітапханашысы Нұрлыгүл Қойшығұлова жеңіп алды. Жүлделі І орын Ш.Берсиев атындағы орта мектебінің кітапханашысы Базарбаева Әлияға бұйырды.

Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне аудандық кәсіподақ ұйымы демеушілік жасады.