“Қалың қалай, бастауыш ұйым?”: ҚРКФ басшылығы «Батыс су арнасы» ЖШС ұжымымен кездесті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева «Батыс су арнасы» ЖШС ұжымындағы кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Кездесуге Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Айгүл Ескенова, «Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Кұсейін Есенғазин, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәлік Күлшар, «Батыс су арнасы» ЖШС басшылығы мен осындағы Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы Азилия Ілекбаева қатысты.

«Батыс су арнасы» ЖШС –  сумен жабдықтау және ағынды суларды бұру қызметін ұсынатын монополист кәсіпорындардың аймақтық тізіліміне енгізілген Орал қаласы үшін орталықтандырылған сумен жабдықтаудың жалғыз көзі болып табылады. Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрайымы Айгүл Ескенова  өңірде әлеуметтік әріптестіктің жарқын үлгісін көрестіп отырған кәсіпорынның бірі деп баға берген серіктестіктегі еңбек жағдайлары бейне-сюжет арқылы таныстырылды.

«Батыс су арнасы» ЖШС кәсіподақ ұйымы «Водоканал» кәсіпорны құрылғаннан бастап  яғни 1962 жылы ашылған. Осы жылдары қайта құруға және кәсіпорын атауының өзгеруіне байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымының атауы өзгертілді. «Орал қаласындағы Су арнасының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі 2017 жылдың 15 желтоқсанында ұйымдастырылған және «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ мүшелік ұйымы.

Серіктестікте 843 адам жұмыс істейді, оның 818-і кәсіподаққа мүше, бұл кәсіпорын жұмысшыларының 97%-ы.  Жергілікті кәсіподақтың босатылған төрайымы – Азиля Ілекбаева. Ол Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының XXV съездеріне делегат болып сайланды, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салалық кеңесінің мүшесі, салалық республикалық комиссияның мүшесі.

Азиля Ілекбаева мәлім еткендей, «Батыс су арнасы» ЖШС жергілікті кәсіподақ ұйымының жұмысы жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестік негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпорында 2019 жылы 2020 жылдың 31 наурызына дейінгі мерзімге жасалған ұжымдық шарт бар, оның  мерзімі жаңа тариф қабылданғанға дейін ұзартылды. Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес жұмыскерлерге бірқатар әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер қарастырылған.

Кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына баса назар аударылады. 2021 жылдың қаңтар мен ақпан айларында 656 адам арнайы оқытылып, куәліктерге ие болған.

Кездесу барысында мәлім болғандай, еңбек ұжымының көкетесті мәселелері ретінде  жалақының төмендігі,  еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық техникалық инспектор мәртебесін көтеру және оның қызметі үшін жағдай жасау, мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардың қарауынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне беру арқылы мемлекеттік еңбек инспекторларының өкілеттіктері мен жауапкершілігін күшейту айтылды.

«Батыс су арнасы» ЖШС құрылтайшысының өкілі, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі Әділбек Қадыровтың айтуынша, жалақы тарифке тәуелді. Кәсіпорын әкімшілігі жалақыны көтеруді жоспарлауда. Осы мақсатта тарифті көтеру  бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетіне ұсыныс жіберілген.

«Құрылыс кешені және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Кұсейін Есенғазиннің айтуынша, осы жылдың ақпан айында салалық келісім бекітілген. Алайда келісімнің жалақы мәселесіне қатысты тұсы орындалмай тұр. Сондықтан бұл мәселе үш жақты комиссия аясында қайта қаралатын болады. Кұсейін Есенғазин коронавируспен күрестің алғы шебінде болған  коммуналдық қызмет өкілдерінің ескеріле бермейтінін айта келе, салалық кәсіподақ атанынан ұжымға қажырлы еңбекті үшін алғысын білдірді.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мәлік Күлшар болса, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясына оң баға бере келе, саладағы кейбір мәселелерді кәсіподақ федерациясымен бірлесіп  шешуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуді қорытындылаған ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева «Батыс су арнасы» ЖШС ұжымындағы  Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына жоғары баға берді.

«Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ қозғалысының негізі. Бүгін біз әлеуметтік әріптестік жүйесінің іс жүзінде қалай жұмыс жасап отырғанын көрдік.  Бұнда кәсіподақтың да, жұмыс берушінің де үлесі бар», – деді Гүлнар Жұмагелдиева.

ҚРКФ төрағасының орынбасары  қоғамдық бақылауды қамтамасыз етіп отырған техникалық инспекторларды қаржылық тұрғыдан ынталандыру мәселесі тұңғыш рет  жуырда қабылданған Бас келісім жобасында  қарастырылғанын еске салды. Сонымен қатар, ҚРКФ-ның  Еңбек инспекторлары мәртебесі мәселесін Еңбек кодексі мен «Кәсіподақтар туралы» Заңға енгізу бойынша жұмыс жасап жатқанын жеткізді әрі нақты ұсыныстар болса, тікелей федерацияға жіберуді  сұрады.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларының өкілеттіктері мен жауапкершілігін күшейту мәселесіне келсек,   ХЕҰ №181 Конвенциясына сәйкес  мемлекеттік еңбек инспекциясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрамында болуы керек. Біз Үкіметке өз ұсынысымызды жібердік.. Жалпы бүгінгі күні ҚРКФ қызметі әлеуметік-еңбек қатынастарын күшейуге, кәсіподақ қозғалысының идеологиясын ілгерілетуге бағытталған. Осыған орай жаңа жобалар іске қосылып жатыр. Жуырда олардың қатарына басқа да жобалар қосылады. Сондықтан баршаңызды осы жобаларға белсенді қатысуға шақырамын», – деді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы