І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде спортклуб пен кәсіподақ филиалының ұйымдастыруымен оқытушы-профессорлар құрамы мен бөлім қызметкерлері арасында онлайн форматта «Ректор Кубогі» үшін шахматтан турнир ұйымдастырылды.
Іс-шара мақсаты қатысушыларды жылдам ойлануға, шешім қабылдауға және әріптестер арасында достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталды.
Басқарма төрағасы-ректор, г.ғ.д., профессор Баймырзаев Қуат Маратұлы шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Біздің негізгі мақсатымыз жас ұрпақты халқына қалаулы, дені сау, сымбатты, шыныққан, бәсекеге қабілетті, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу» деп іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Жарысқа 20 дан астам адам қатысып, өз шеберлігін көрсете білді.
Жекелей сында онлайн форматта өткен жарыстың қорытындысы бойынша келесі орындар анықталды:
Ерлер арасында:
І орын – Сакибаев Спартак (Техникалық факультеті, 5-ұпай)
ІІ орын – Мукушев Әлішер (Ректорат құрамасы, 4-ұпай)
ІІІ орын – Тохтаров Ақниет (Дене шынықтыру факультеті, 3-ұпай)
Әйелдер арасында:
І орын – Оспанова Жансая (Ректорат құрамасы, 7-ұпай)
ІІ орын – Кеңжасарова Әйгерім (Құқық және экономика факультеті, 5-ұпай)
ІІІ орын – Омарова Гуля (Zhansugurov college, 5-ұпай)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып жүлделі орынға ие болған жеңімпаздарға Басқарма төрағасы – Ректор кубогі, медаль, ақшалай сертифаттар мен дипломдар табысталды.