22 сәуір күні Халықаралық еңбекті қорғау және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «ALTYN ENBEK» ЖШС-мен өзара бірлескен жұмыс шеңберінде онлайн-конференция режимінде «Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту үшін негіздер» тақырыбында вебинар өткізілді.
«ALTYN ENBEK» оқу-сараптамалық орталығының өкілдері вебинарға қатысушыларды оқыту бағдарламасына қойылатын талаптармен және лектормен, жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету саласындағы техникалық мамандықтардың барлық санаттары бойынша оқыту сағаттарының мерзімділігімен және санымен таныстырды.
Вебинарға Қарағанды облысының тау-кен металлургия, құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысты.