Еңбек адамына құрмет көрсетілді

Түркістан облысы, Жетісай ауданы “Қазыбек строй сервис” кәсіпорны кәсіподақ ұйымының төрағасы – Бауыржан Оңғарбаев. Бауыржан Оңғарбаев кәсіпорында 30 жыл бұрын 1991 жылы 30 адамнан тұратын “Қазыбек” бастауыш кәсіподақ ұйымын ашты.

Бүгінде ашылған “Қазыбек” бастауыш кәсіподағы үлкен құрылыс материалдары кәсіпорнына айналған. Кәсіпорындағы кәсіподақ мүшелеріне үй-жаймен қамтамасыз етуде, айлықтарын көбейтуде көп жұмыстар атқарып келеді.

“Қазыбек” бастауыш кәсіподағында қызметкерлерге барлық әлеуметтік жағдайлар жасалған. Осы уақытқа дейін атқарып келген қызметтері үшін “Елеулі еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

Бауыржан Оңғарбаев – кәсіподақ көшбасшысы екенін дәлелдеген еңбекқор азамат.