Кеншілер мәселесі: кезекті қадам

Қарағанды қаласы Кәсіподақтар үйінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеевтің қатысуымен Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығының, «Қорғау» көміршілер кәсіподағының және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті кеншілер ұжымдары өкілдерінің бастамасымен құрылған жұмыс тобының кеңейтілген форматтағы отырысы өтті.

Аталған мәселені талқылауға Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, Қазақстан шахтасының жерасты электр слесарі Сергей Дубчак, Тентек шахтасының жерасты тау-кен шебері Жанат Сүлейменов, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Төлегенова, Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Булат Алпыспаев, Қарағанды облысы «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, «Қорғау» көміршілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев және бас техникалық еңбек инспекторы Андрей Лукин, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының өкілі, дәрігер-профпатолог, еңбек медицинасы бойынша консультант Бану Тюлюбекова қатысты.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың ұсынысы бойынша Мұхтар Тінікеев кеңестің барлық қатысушыларының қатысуымен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасовпен телефон арқылы келіссөз жүргізіп, шахтерлердің проблемалық мәселелерін Министрліктің назарына жеткізіп, қажетті шешу жолдарын ұсынды.

Өз кезегінде, Нұрқан Сәдуақасов Кәсіподақтар федерациясының басшылығына және барлық қатысушыларға Комитет пен Денсаулық сақтау министрлігі қалыптасқан жағдайдан шығу үшін келесі қадамдарды қабылдайтынына сендірді:

  1. Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары ішінде халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларына тиісті толықтырулар енгізілетін болады.
  2. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісе отырып жақын күндері еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын беру мәселесі шешіледі, бұл уақытша схема негізгі регламенттеуші құжат қабылданғанға дейін қолданылатын болады.

Жұмыс тобының мүшелері өткізілген жиналыстың нәтижелілігін атап өтті, жиналыс барысында ең бастысы жаңа ережелерді бекіту және жою (жоғалту) кезінде пайда болған техникалық қайшылықтарды жоюдың нақты мерзімдері анықталды.

Сондай-ақ, аталған ұйымдар мен ведомстволардан басқа, осы мәселені шешуге Қарағанды облысының Әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов қатысқанын атап өту қажет.