Ақтөбеде қаланы санитарлық тазалау және абаттандыруға орай тазалықтың екі айлығы басталды.
Қала аумағын санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту және т.б. мақсатта өткізіліп жатқан шараларға Ақтөбедегі «Шағала» бассейнінің бастауыш кәсіподақ ұйымы да қатысты. Бастауыш ұйым ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалына қарасты.
Сенбілікке қатысушылар құрал-саймандармен, қоқысты жинауға арналған қапшықтар және қолғаптармен қамтамасыз етілді
Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді.