Кәсіподақ жастары тазалық жұмыстарына үлес қосты

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жастары да қала тазалығына белсене атсалысты. Олар Ақтөбе қаласындағы екі айлық тазалық шарасы аясында Тұңғыш Президент атындағы саябақ маңын жинады. Осы сенбіде қаланың “Жилгородок” маңын көркейтуге атсалысады.

Сенбіліктің мақсаты – қаланың шырайын әрлендіре түсіп, сонымен қатар жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу.