Шымкентте “Заң клиникасы” жұмысын бастап кетті

“Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы” АКБ жанынан құрылған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Заң клиникасының” филиалы өз жұмысын бастап кетті.

Заң клиникасында тәжірибелі заңгерлер, медиаторлар, психологтар, сондай-ақ құқық қорғау, білім беру жүйелерінде, мемлекеттік құрылымдарда, заң компаниялары мен қоғамдық ұйымдарда қызмет еткен мамандар кәсіподақ мүшелеріне еңбек заңнамасы мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңес береді.

26 сәуірде білікті заңгер, медиатор Феруза Самарина қоғамдық қабылдау өткізуде. Алғаш болып құқықтық кеңестер алу үшін заңгердің көмегіне Ж. есімді азамат жүгінді.

Келуші азамат Заң клиникасының қызметкерлеріне ақысыз білікті көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Заң клиникасы” филиалына құқықтық кеңестер алу үшін: Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 49 “Заң клиникасы” кабинеті немесе +7 (778) 589-55-55 нөмеріне хабарласа аласыздар.