Кәсіподақ мүшелеріне семинар ұйымдастырылды

«Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ның «Шет аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының төрағасы К. Бигожин Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-ның кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, «Білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының рөлі» атты семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын одан әрі ілгерілету үшін кәсіподақ мүшелерінің белсенділігі өте қажет екендігін баяндады. Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелері қойған сұрақтарға жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі педагог қызметкерлерге үстемеақы, еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеу, кәсіподақ тарапынан шипжайларға жеңілдікпен жолдама беру туралы болды.