Мәртөк ауданында “Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы” байқауы өтті

Сонымен бірге, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы әзірленген үздік бейнероликтер іріктелді.

Шара барысында кәсіподақтың күре тамыры болып саналатын бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары білім беру мекемелеріндегі еңбек ұжымымен бірлесе өткізілген іс-шараларын, қоғамдық жұмыста қолданып жүрген тың әдістерін, ардагерлер мен жас мамандардың қатысуымен ұйымдастырылған жұмыстарын көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарына шығарған мақалалары және жетістіктерін көпшілікпен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

Сайыс қорытындысы бойынша Кеңсахара орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы топ жарды. Қазылар алқасы №2 Мәртөк мектеп-гимназиясы дайындаған бейнероликті ең үздік деп таныды. Қатысушыларға құрмет грамотасы мен сыйақылар табысталды.