Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ және “Павлодар облысының еңбек басқармасы” ММ бастамасымен 2021 жылғы 27 сәуір күні Павлодар облысында еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбекті қорғау мәселелеріне қызметкерлер мен жұмыс берушілердің назарын аудару мақсатында өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күні болып жарияланды.
Әрбір азаматтың қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларына құқығы заңмен кепілдендірілген. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 181-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнына; санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге; жұмыс беруші қызметкерді жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпеген жағдайда және оның денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін ахуал туындаған кезде жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар.
2020 жылы Павлодар облысының кәсіпорындарында 108 жазатайым оқиға, 112 зардап шеккен адам, 6 адам қайтыс болған жазатайым оқиға, топтық жазатайым оқиғаларда 8 адам зардап шеккен 4 топтық жазатайым оқиға тіркелген. Есеп беру мәліметтері бойынша, негізінен өндірістік жарақаттар ауыр жарақаттарға жатады: 60 жазатайым оқиға ауыр жарақатқа, 11 жағдай орташа жарақатқа, 28 жағдай жеңіл жарақатқа жатады.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күні өңірдің кәсіподақ қызметкерлері еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлармен бірлесіп, еңбек ұжымдарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу туралы сөз сөйлейді, жұмыс орындарына, себезгі бөлмелеріне, гигиена және тамақ ішу бөлмелеріне мониторинг және қоғамдық бақылау жүргізеді, еңбек жағдайларының еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін, жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілуін, үй-жайлардың температуралық, covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы қосымша қауіпсіздік шараларын сақтауды бақылайды.
Меншік нысанына және кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан Павлодар облысының барлық кәсіпорындарын өндірістік жарақаттанудың алдын алудың бірыңғай күніне қосылуға шақырамыз.