Кәсіподақ – ең әділ әрі тәуелсіз ұйым. Сондықтан еңбек адамдарының әлеуметтік мәселелерін шешуде рөлі жоғары. Қызметкерлердің құқықтарын қорғау бастауыш ұйымнан басталатыны басты назарда. Демек, бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен үнемі тығыз байланыс орнату өте маңызды.
Осы орайда, ҚР Құрылыс кешені жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіподағының Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы А.Манахов бастауыш кәсіподақ ұйым өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасайтынын ерекше атап өткен жөн. Көпжылдық тәжірибесінің арқасында атқарылған жұмыстар өз жемісін беруде.
Мәселен, “ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫС ЮГ” ЖШС-інің бастауыш кәсіподақ ұйымы жайында сөз қозғайық. Мекемеде 130 қызметкер жұмыс жасайды. Олардың 76-сы кәсіподақ мүшелері болып табылады. Мекеме басшылығы мен қызметкерлері кәсіподақ жұмысының белсенділігіне дән риза. Сондықтан да, қалған қызметкерлердің кәсіподаққа мүше болатынына сенімді.
Кәсіподақ тарапынан тиісті көмектер тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Мереке күндері қарсаңында және мерейтой, зейнет жасына шыққан азаматтарға кәсіподақ тарапынан әртүрлі бағалы сыйлықтар табысталады.
Қорытындылай келе, қызметкерлердің құқығын қорғау бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан басталатынын жеткізгіміз келеді.